Атырау облысында браконьерлерден бекіре мен есірткі табылды
Атырау облысында браконьерлерден бекіре мен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
27 қазан күні Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 қалалық бөлімінің қызметкерлері бірлесіп “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде есірткі өнімдері мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сақтаған үш ер адамды анықтады.
Олардың бірінің гаражын тінту кезінде салмағы 101 келі қара балық, 20 келі бекіре тұқымдас балығы және жеті есірткіге ұқсас зат табылған. Бұдан бөлек, күдіктілердің бірінің гаражынан бес моторлы қайық пен тіркелмеген 16 калибрлі екі ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта 41 жастағы, 38 жастағы және 46 жастағы үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды.
ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі және ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.