Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында екі мәрте мал ұрлаған барымташы ұсталды

Атырау облысында екі мәрте мал ұрлаған барымташы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Атырау облысында 15-24 қараша аралығында өтіп жатқан «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Индер ауданы аумағында қаңтар айында жайылымнан 6 бас сиыр малын ұрлап, мал иесіне 3,5 млн. теңге залал келтірген 51 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Барымташы – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, ол ұрлаған ірі қарасын өзге қыстақтарға сатып жіберген.

Сондай-ақ, күдікті тамыз айында дәл осы мал иесінің тағы да бір бас сиырын ұрлап, оған 500 мың теңге залал келтіргендігі де әшкере болды.

– Аталған қылмысқа күдікті өз кінәсын толықтай мойындады. Қазіргі таңда ҚР-нің Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлімімен тергеу жүргізілуде. Мал ұрлығының басты себебі – төрт-түліктің жайылымда қараусыз қалуы. Бұл ұрылар үшін оңай олжа көзі. Сондықтан мал иелерінен залалдың алдын алып, жайылымда қараусыз мал қалдырмауын сұраймыз, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру