Атырау облысында ер адам үйінде есірткі өсірген
Атырау облысында ер адам үйінде есірткі өсіріп келіпті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қараша күні Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді үйінде заңсыз егіп-өсірген Мақат ауданының 39 жастағы тұрғынын анықтады.
Аталған дерек бойынша күдіктінің тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, үйдің ішінде пластикалық ыдысқа «сора» есірткі өсімдігін өсіргені белгілі болды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлімімен (Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру) деректері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.