Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында есірткіге қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды

Атырау облысында есірткіге қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасында есірткінің зияны туралы ақпарат таратып, құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болуына жол бермеу – қоғам үшін маңызды міндет. Осы мақсатта қалалық білім беру мекемелерінде түрлі семинарлар, дәрістер мен дөңгелек үстелдер өткізу дәстүрге айналды.

Атырау облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Жастар рухы» қоғамдық қорының еріктілері кезекті дөңгелек үстел ұйымдастырып, қала аумағындағы есірткіге қатысты граффити жазбаларды жойып, халыққа арнап арнайы жадынамалар таратты. Бұл шаралар жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды, қоғамда есірткіге қарсы ой қалыптастыруды мақсат етеді.

– Нашақорлық – бүгінгі күннің ең қауіпті әлеуметтік дерттерінің бірі. Бұл тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға үлкен зиян келтіреді. Біз жауапты мекеме өкілдерімен және еріктілермен бірлесіп кездесулер, акциялар, тіпті спорттық жарыстар ұйымдастырып, жастарды салауатты өмірге жетелеуге күш саламыз, – деді Атырау облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру