Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегі анықталды

Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11-14 наурыз аралығында республика көлемінде "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзу фактілерін анықтау.

Іс-шараның бір күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 3-бөлігімен – 32 тұлға, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен – 55 тұлға, 517-баптың 5-бөлігі бойынша 27 тұлға жауапқа тартылды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының 22 азаматына әкімшілік хаттама толтырылды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру