Атырау облысында ПД бастығы азаматтарды қабылдады
Атырау облысында ПД бастығы азаматтарды қабылдады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтар үшін полиция қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ “Заң мен Тәртіп” қағидатын іске асыру мақсатында тұрғындар өтінішімен жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл кездесулер азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталған.
2025 жылдың басынан бері Атырау облысы полиция департаменті басшылығының қабылдауында 336 азамат болды. Оның ішінде департамент бастығы Нұрхат Оразбаев 39 азаматты жеке қабылдап, олардың түрлі сипаттағы өтініштері мен мәселелерін тыңдады.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы апта сайын сәрсенбі күні азаматтарды жеке қабылдауы өткізіледі. Ал департамент бастығының орынбасарларының қабылдау кестесі жұмыс күндері күн сайын жүргізіледі.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 98-20-10, 98-20-57. Сондай-ақ “eOtinish” жүйесі арқылы да қабылдауға жазылуға өтініш беруге мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек, облыстық полиция департаментінде, сондай-ақ барлық қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде азаматтарды тіркеу және қабылдау жұмыстары жүзеге асырылатын қабылдау кеңселері жұмыс істейді.