Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында ПД бастығы ПИК және МИБ басшыларымен кездесті

Атырау облысында ПД бастығы қаладағы ПИК және МИБ басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев Атырау қаласындағы пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) басшыларымен маңызды кездесу өткізді.

Жиын барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция мен тұрғын үй басқарушы ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды. Облыстың бас полицейі өңірдегі криминогендік жағдайдың біршама тұрақталғанын атап өтіп, сонымен қатар, бөтеннің мүлкін ұрлау мен алаяқтық қылмыстары әлі де өзекті екенін жеткізді. Ол алаяқтардың тұрғындарды алдау үшін түрлі қитұрқы тәсілдерді қолданатынын айтып, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге шақырды.

Кездесудің басты тақырыптарының бірі – тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Полиция қызметкерлері көпқабатты үйлерге бейнебақылау камераларын, дабыл қондырғыларын және смарт-домофондарды орнатудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ПИК және МИБ басшыларына тұрғындар арасында қауіпсіздікке қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Жиын соңында қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді атсалысқан азаматтар марапатталып, тәртіп сақшылары тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға, күдікті жағдайлар байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар беруге және жеке мүлкін қорғауға қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру