Атырау облысында полицейлер өрт шыққан үйден тұрғындарды эвакуациялады
Мақаттық полицейлер өрт шыққан үйден тұрғындарды эвакуациялап, өртті ауыздықтауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырауда Мақат ауданы Доссор кентінде 6 пәтерлік тұрғын үйден өрт шықты. Мақаттық полицейлер тұрғындарды эвакуациялап, өрт сөндірушілермен бірге тілсіз жауды сөндіруге көмектесті.
Бұл хабарлама 18 қараша күні таңғы сағат 07:00 шамасында 102 операторына келіп түсткен. 6 пәтерлік тұрғын үйдің төртеуі отқа оранған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полицейлер қызмет атқарды.
– Өрттің неден шыққаны нақты айтылмады. Зардап шеккен азаматтар жоқ. Өрт өршіп кетпеу үшін барымызша өрт сөндірушілерге де көмектесіп, оқиға орнында ешкім зардап шекпеу үшін қауіпті аймаққа адамдарды өткізбей, қызмет етудеміз. Үйлерден сегіз адам, оның ішінде бес жасөспірім эвакуацияланды – деді Мақат аудандық полиция бөлімінің Доссор полиция бөлімшесінің бастығы Дәурен Магзомов пен патрульдік полиция қызметінің инспекторы Жантілек Елғондиев.