Атырау облысында полицейлер қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстау мекемелерінің дайындығын тексерді
Атырау облысында полицейлер қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстау мекемелерінің дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысында полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ-ның Атырау облыстық филиалының қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына дайындығы тексерді.
Мақсат – ауа райы күрт салқындап, қарлы-борандар орын алған кезде жолдағы қауіпсіздіктің кепілі болып табылатын жолды тазарту, күту жұмыстарына кедергі болатын мәселелердің алдын алу.
Айта кетейік, 15 қарашаға дейін Атырау облысы аумағындағы барлық республикалық, облыстық маңызы бар тас жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мекемелердің техникалық дайындығы тексеріледі.