Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында полиция қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

25 қазан – Республика күні қарсаңында Атырау облысының полиция департаменті мен Динамо спорт және дене шынықтыру қоғамының Атырау облысындағы филиалы  шағын футболдан турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнирдің мақсаты – полиция қызметкерлерінің кәсіби және физикалық дайындық деңгейін одан әрі жетілдіру, командалық рух пен әріптестік ынтымақтастықты нығайту.

Бұл жарысқа Атырау облысы полиция департаментінің, Атырау қаласы полиция басқармасының, желілік полиция бөлімінің, мамандандырылған күзет басқармасының және қалалық №1, №2 полиция бөлімдерінің қызметкерлерінен құралған 15 команда қатысты. Турнир барысында ерекше шеберлік пен спорттық дайындық көрсеткен Атырау облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері I және II орындарды жеңіп алды. Ал III орынды полиция департаментінің бөлім қызметкерлері иеленді.

Сонымен қатар, турнирде жеке шеберлігімен көзге түскен полицейлер “Үздік ойыншы”, “Үздік қақпашы”, “Үздік шабуылшы” және “Үздік қорғаушы” аталымдары бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру