Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында республикалық тасжолдарға «Сергек» камералары орнатылып жатыр

Атырау облысында республикалық тасжолдарға «Сергек» камералары орнатылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыс аумағындағы тасжолдарда 123 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 37 адам қаза тапты. 162 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Адам өліміне әкеліп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі қала сыртындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда болуда. Атап айтқанда республикалық маңызы бар тас эжолдарда есепті мерзімде 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 23 адам қаза тауып, 54 адам дене жарақатын алған.

Республикалық маңызы бар тасжолдарда барынша қауіпсіздікті арттыру мақсатында, яғни, адам өмірін сақтау үшін Атырау облысы ПД қызметкерлері жергілікті “ҚазАвтоЖол” және “КөркемТелекомЖайық” мекемелерімен бірлесіп, республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолында (Атырау қаласы мен Карабатан зауыты тұсы аралығы) заманауи “Сергек” құрылғылары орнатылды.

Тасжолдың аталған аумақтарына құрылғыларды бірінші кезекте орнатудың себебі тасжолдың бағытында екі үлкен мұнай газ зауыттары орналасқан және өзге елдерден, облыстардан қатынайтын автокөліктердің саны еселеп артуына байланысты көлік қарқыны өскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру