Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында сотталған азаматтар кәсіби дағдыларын дамытуда

Атырау облысында сотталған азаматтар кәсіби дағдыларын дамытуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №15 мекеменің аумағында 2025 жылы екі өндірістік ғимарат салынып, қолданысқа берілді. Аталған ғимараттар сотталғандарды еңбекпен қамту және олардың кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында пайдаланылуда.

Қазіргі таңда бұл өндірістік нысандарда 8 жеке кәсіпкер өз кәсіптерін ашып, тұрақты жұмыс жүргізіп отыр. Соның ішінде, “Амир” жеке кәсіпкері өндірістік ғимараттар пайдалануға берілген күннен бастап өз қызметін бастап, жұмсақ жиһаз өндіру бағыты бойынша жұмыс істеуде.

Бүгінде ЖК “Амир” 4 түрлі үлгідегі жұмсақ жиһаз өнімдерін шығарып, 12 сотталғанды тұрақты ақылы еңбекпен қамтып отыр. Өндірістегі жұмыс орындары санитарлық талаптарға сай, таза әрі қауіпсіз. Қауіпсіздік ережелері қатаң сақталып, барлық қажетті құрал-жабдықтармен, заманауи станоктармен толық қамтылған.

Сонымен қатар кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс ауқымын кеңейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде сотталғандарды ақылы еңбекпен қамту көрсеткішін арттырып, олардың еңбекке бейімделуіне, жауапкершілік пен кәсіби дағдыларын қалыптастыруға оң ықпал етпек.

Мекеме аумағында өндірісті дамыту — сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеудің, қайта қылмысқа бару қаупін төмендетудің және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру