Атырау облысында студенттер ПД мұражайына экскурсия жасады
Атырау облысында студенттер ПД мұражайына экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің "Құқық қорғау қызметі" мамандығының 1 курс студенттері Атырау облысы полиция департаментінде оқу-танысу тәжірибесінен өтті.
Іс-шара барысында студенттерді департамент бастығының орынбасары Б.Көшқалиев арнайы қарсы алып, департаменттің құрылымы мен қызмет бағыттарымен жан-жақты таныстырды.
Студенттер тергеу және анықтау басқармаларының қызметкерлерімен кездесіп, олардың қылмыстарды ашу және тергеп-тексерудегі күнделікті жұмысымен жақын танысты. Анықтаушылар студенттерге теріс қылықтар, ауырлығы орташа қылмыстар мен жол-көлік оқиғалары бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу тактикасы туралы әңгімелесе, тергеушілер ауыр және аса ауыр қылмыстарды, соның ішінде киберқылмыстар мен меншікке қарсы құқық бұзушылықтарды ашудағы тәжірибелерімен бөлісті. Болашақ заңгерлер бұл бағыттағы тың мәліметтерге қанығып, кәсіби қызығушылықтарын көрсетті.
Студенттер криминалистикалық полигонда болып, шартты түрде дайындалған қылмыс орындары — дәріхана, пәтер, қонақ үй жағдайында орын алған адам өлтіру істерінің тергелу барысымен танысты. Олар мамандарға өз сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауап алды.
Сонымен қатар олар полиция департаментінің мұражайында болып, ішкі істер саласының ардагерлері мен департамент тарихынан сыр шертетін деректермен, құнды жәдігерлеріне зер салды.