Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында 1700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Атырауда "Таза Қазақстан" акциясы аясында абаттандыру ережесін бұзған 1700-ге жуық азамат жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өткізіліп жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы шеңберінде аумақтарды абаттандыру, санитарлық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған ауқымды шаралар қолға алынды. Бұл жұмыстар "Заң мен Тәртіп" қағидаты негізінде жүзеге асырылуда.

Аталған акция аясында учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елді мекендердегі санитарлық жағдайды қатаң бақылауға алды. Тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға тастау деректерін анықтап, жолын кесу мақсатында тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырылып жатыр.

Атырау облысы аумағында жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзған 1652 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2136 тұрғынға қатысты шара қолданылған.

Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды күнделікті өмір салтына айналдыруға жол ашады. Табиғатты аялау — әр азаматтың ортақ міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру