Атырау облысында тұрғынның көлігінен 50 келіден астам бекіре балығы табылды
Атырау облысында тұрғынның көлігінен 50 келіден астам бекіре балығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде 11 қараша күні сағат 08:50 шамасында Атырау облысы Полиция департаменті Балық қорына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы саптық бөліністің қызмет инспекторлары Ақтөбе-Астрахань тас жолының 616 шақырымында маркасы Lada Granta автокөлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 3 дана шамамен 50-60 келі көлеміндегі ақ түсті қаптарға салынған бекіре тұқымдас балықтарын анықтап, тәркіледі.
Аталғын қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі 34 жастағы Исатай ауданының тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.