Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында үш күнде 172 адам есепке алынды

Атырау облысында үш күнде 172 адам есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 24-26 сәуір аралығында облыс көлемінде рецидивтік, алкогольдік, отбасы-тұрмыстық қылмыстың алдын алуға және жолын кесу мақсатында өткізілген «Есеп» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есебіне барлығы 172 адам есепке алынды, – деді Атырау облысы ПД-нің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Ауыр қылмыс жасап, жазасын түзеу мекемелерінде өтеп, мерзімінің аяқталуымен босап шыққан екі адам әкімшілік қадағалауға алынды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында 89 адамға қатысты қорғау нұсқамасы, 44 адамға мінез құлқына сотпен ерекше талап орнатылған. Бұдан басқа бір маскүнем, алты жайсыз отбасы анықталып, алты бала есепке қойылған.Жалпы саны 821 адам, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық бағытта ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 33 адам, 73-1 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2-баптарымен (Ұрып-соғу) – бес адам, 461-бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу) екі адам, өзге баптармен 629 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Маскүнемдікке шалдыққан адамдарды еріксіз емдеу мекемелеріне орналастыруға сотқа үш іс-құжат жинақталып, жолданды.Профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 2 237 адамға қатысты тексерулер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру