Атырау облысында заңсыз пиротехника айналымын болдырмау шаралары жүргізілуде
Атырау облысында 5 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды сапасыз және сертификатталмаған пиротехниканы қолданудың қауіпті екендігін ескертеді. Мұндай бұйымдар өртке, жарақат алуға немесе өзге де қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
https://youtu.be/noB-LZ0HeuM?si=056Z-DBVHQLT-D7H
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі кеңестерді назарға алыңыз:
Пиротехниканы тек арнайы дүкендерден сатып алыңыз. Сертификаты бар, қауіпсіздігі дәлелденген өнімдерді таңдаған дұрыс;
Қолдану нұсқаулығын мұқият оқыңыз. Ондағы талаптарды қатаң сақтаңыз;
Отшашуды адамдардан, ғимараттардан, ағаштардан және жанғыш заттардан алыс жерде жағыңыз. Тек ашық әрі қауіпсіз алаңды пайдаланыңыз;
Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді қолданбаңыз;
Балалардың пиротехниканы өздігінен қолдануына жол бермеңіз;
Тыныштықты бұзу, қоғамдық орында рұқсатсыз отшашу жағу, сондай-ақ пиротехниканы заңсыз сату және сақтау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.
Қауіпсіздік ережелерін сақтап, мерекені қуанышты әрі жарақатсыз өткізейік!
