Атырау облысында ЖКО орын алды: 5 адам көз жұмды
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында Құлсары-Бейнеу тас жолының 15 шақырымында Армения елінде тіркелген Honda Odessey және Ресей елінде тіркелген ВАЗ-2115 автокөліктері соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнынла қаза тапқан. Ал екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының ауруханасына жеткізілген. Жолаушы алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.