Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында жоғалған азаматтың денесі шұңқырдан табылды

Атырау облысының полицейлері қоғамдық
дау тудырған қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қыркүйек күні Жылыой ауданының 1973 жылы туған тұрғыны жылқыларын іздеуге аттанып, із-түзсіз жоғалған.
Аталған факті бойынша Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтау мақсатында облыстың Полиция департаменті мен төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер аумақты аралап, іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

Бүгін 14 қыркүйек күні полиция қызметкерлері
іздестіру іс-шараларының нәтижесінде таңертең Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жердегі Қырықмылтық кен алаңында 15-20 метр тереңдіктегі шұңқырдан жоғалған азаматтың денесін тауып, сараптама тағайындалды.

Қылмысқа күдікті бұрын сотты болған 38 жастағы
Жылыой ауданының тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,тергеу барысында қылмыстың себебі анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру