Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" республикалық акциясы басталды

Атырау облысында "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" республикалық акциясы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" республикалық акциясы бастау алды.

Акцияның ашылу рәсімі Атырау қаласындағы "Көлік және коммуникация" колледжінде өтіп, оған колледж студенттері, ұстаздар және Қ.Қайсенов атындағы №33 мектептің жас жол инспекторлары – "Сақшылар" жасағы қатысты.

Іс-шара барысында жас жол инспекторлары қатысушыларға жол қозғалысы қағидаларын сақтау, мектеп жасындағы балалардың жол үстіндегі қауіпсіз жүріс-тұрысы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тақырыптық көріністер көрсетті. Сонымен қатар оқушылар мен студенттерге жол қауіпсіздігіне арналған арнайы жадынамалар таратылды.

Апта бойы өңірдегі полицейлер жергілікті органдармен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық және түсіндіру шараларын өткізеді.

Полиция тұрғындарды жолда сақ болуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру