Атырау облысында жолда жүру ережесін бұзғандар анықталды
Атырау облысында 57 мыңнан астам жолда жүру ережесін бұзғандар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау полицейлері облыс аумағында жыл басынан 57 993 жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтады ( 2019 жылы 91 970).
Оның 38 мыңнан облыс орталығы Атырау қаласында анықталған.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғандар жың арасында
– көлік құралдарын мас күйінде басқарған – 467 жүргізуші (оның 308-і облыс орталығында),
– ұялы телефонды пайдаланған -2285,
– жылдамдықты арттырған -17 483,
– жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығу – 203,
– жаяу жүргіншіні жібермеген – 547,
– қауіпсіздік белдігін тақпағандар мен жолаушы тасымалдау ережелерін сақтамағандар -5063.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілермен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қатысты – 4261 бұзушылықтар анықталған.