Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында жол-көлік оқиғаларын дронмен бақылау қызметі іске қосылды

Атырау облысында жол-көлік оқиғаларын дронмен бақылау қызметі іске қосылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, тасжолдардағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апаттылық деңгейін төмендету мақсатында Атырау облысы аумағында ЖҚЕ-ні дронмен бақылау қызметі іске қосылды.

Аталған қызметтің басты мақсаты – көлік құралдарының қарсы бағытқа шығуы, авариялық жағдай туғызу, маневр жасау ережелерін бұзу, жүргізушілердің көлік басқару кезінде ұялы телефон қолдануы және қауіпсіздік белдігін тақпау фактілерін анықтап, олардың жолын кесу. Бұл шара тас жолдардағы барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты полиция қала сыртындағы тасжолдарды пайдаланатын барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру