Атырау облысында жыл басынан бері тас жолда 3762 құқық бұзушылық анықталды
Атырау облысында жыл басынан бері тас жолда 3762 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Еліміздің республикалық маңызы бар Атырау – Орал тас жолында биыл жыл басынан бері 3762 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 2355 жүргізуші жылдамдықты шектен тыс асырғандар.
Сонымен қатар, 5 жол көлік оқиғасы орын алып, 5 адам қаза тапты. 4 адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Қазіргі уақытта аталған ЖКО болдырмау және алдын алу мақсатында Полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының жеке құрамы шілде айының 19-нан бастап 18 тамызға дейін «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс шарасын жүргізуде.