Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысындағы тас жолда жүк көлігін мас күйде тізгіндегендер анықталды

Атырау облысындағы тас жолда жүк көлігін мас күйде тізгіндегендер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қараша күні сағат 22:30 шамасында Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар Атырау – Астрахань тас жолының 760 шақырымы тұсында күдік тудырған екі жүк көлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде 59 және 51 жастағы жүргізушілерінен алкогольдік спирттік ішімдік иісі сезіліп, Құрманғазы аудандық дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша жеңіл дәрежедегі мас күйде екендері анықталды.

Қазіргі таңда аталған көлік жүргізшілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті іс-құжаттар сотқа жолданды.

Айта кетейік, масаң күйде көлік басқарғаны үшін сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру