Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының бас полицейі азаматтарды қабылдады

Атырау облысының бас полицейі азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтар үшін полиция қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру мақсатында тұрғындар өтінішімен жеке қабылдаулар тұрақты өткізіліп келеді.

Бүгінгі жеке қабылдау барысында өңірдің бас полицейі Оңал Бекеевке тұрғындар өздерін толғандырған мәселелері бойынша тікелей жүгініп, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Жеке қабылдау кезінде қоғамдық қауіпсіздік, қылмыстардың алдын алу, тергеу және тексеру жұмыстарының барысы, сондай-ақ полиция қызметіне қатысты өзге де мәселелер қаралды. Әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.

Полиция департаментінің бастығы көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынатынын атап өтіп, жауапты құрылымдық бөліністерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Мұндай жеке қабылдаулар азаматтардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ полиция мен қоғам арасындағы ашықтық пен өзара сенімді нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру