Атырау облысының бас полицейі Корея Республикасының консулын қабылдады
Атырау облысының бас полицейі Корея Республикасының консулын қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қараша күні Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев Оңтүстік Корея Республикасының ҚР Елшілігінің қауіпсіздік жөніндегі консулы Чжи Хэ Сунмен кездесті.
Кездесу барысында Атырау өңірінде тұрақты тұратын Корея Республикасының азаматтарының жазатайым оқиғалардан сақтануы бағытында қабылданатын елшілік шаралары айтылды. ҚР көші-қоны саласындағы заңнама талаптарының қатаң сақталуы күн тәртібінен түспейтіні түсіндірілді.
Сонымен қатар тараптар мамандарды даярлау саласындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Қауіп-қатерлердің, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар департамент бастығы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың маңызын түсіндірді.