Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының кітапханашылары әйелдер колониясына 50-ге жуық кітапты сыйға тартты

Атырау облысының кітапханашылары әйелдер колониясында жаза өтеушілерге 50-ге жуық кітапты сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты N 79 мекемесінде сотталған әйелдерге арналған «Кітапхана – білімнің көзі, кітапханашы – оның тірегі» атты іс-шара өтті.

Шараға Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы қатысып, сотталған азаматшаларға 50-ге жуық түрлі жанрды қамтитын кітаптарды сыйға тартты.

Іс-шара барысында сотталған азаматшалар поэзиялық шығармаларды оқып, түрлі кітаптардан алған тағылымдарын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті.

Мекеме басшылығы атынан қонақтарға алғыс хаттар табыс етіліп, жүрекжарды құттықтаулар айтылды. Алдағы уақытта да сотталған азаматшалардың рухани дүниесін байытып, рухын көтеретін мұндай тағылымды шаралар өз жалғасын табады деп сенеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру