Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері тасжолда қиын жағдайға тап болған жүкті әйелдерді перзентханаға жедел жеткізді

Атырау облысында полицейлер тасжолда қиын жағдайға тап болған жүкті әйелдерді перзентханаға жедел жеткізді, үш жүкті әйел аман-есен босанды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда демалыс күндері ауа-райының күрт өзгеріп, қыстың қытымыр аязы сезіле бастаған шақта тасжол бойында көлік істен шығып перзентханаға бағыт алған жолаушыларды ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аман-есен жеткізді. Мәселен қызмет инспекторлары Асланбек Бейсембаев, Нұрлыбек Бақытжанов және  Тұрар Қибашқа Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 597 шақырымы тұсында күнделікті ескерту жұмыстарын жүргізу кезінде Honda автокөлігінің жүргізушісі келіп келіншегін шұғыл түрде облыстық перзентханаға жеткізуге көмек сұраған. Полиция қызметкерлері уақыт өткізбей жүкті әйелді облыстық перзентханаға аман-есен жеткізген.

Айта кетейік дәл осындай оқиға демалыс күндері Атырау – Орал тас жолы бойында орын алған. Патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары Бердібек Хабибуллаев және Жангелді Оспанов қызмет атқару кезінде Алмалы бекетіне мейірбике келіп жедел-жәрдем көлігінің бұзылғанын айтып облыстық перзентханаға шұғыл жеткізуге көмек сұраған. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, қызметтік автокөлікпен ай-күні толған келіншекті уақытылы облыстық перзентханаға аман-есен жеткізді.

Сондай-ақ демалыс күндері тіркелген тағы бір дерек Атырау – Орал тасжолы бойында толғағы қысқан келіншегіне көмектесуді сұраған отбасыға да шұғыл әрекет еткен Алмас Бейсенғалиев пен Жангелді Оспанов полицейлер көмекке келіп, аяғы ауыр келіншек уақытылы перзентханаға жеткізілді. 

Бұл полиция қызметкерлерінің тас жолдағы күнделікті қызмет барысының бірі ғана. Адам өміріне қандай жағдай болса да бей-жай қарамай, шұғыл әрекет ететін сала қызметкерлері бүгінде батырлық пен батылдықтың үлгісі іспетті. Көп жағдайда қыс мезгілінде көлігі техникалық ақаудан істен шыққан кезде, жол бағытынан жаңылған кезде көмекке келетін полицейлер үшін демалыс күндері үш бірдей жүкті әйелді перзентханаға жеткізу тосын жәйға айналды.

Полицейлердің перзентханаға жеткізген құрсақтағы жолаушыларының біреуі ұл болса, екеуі қыз болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру