Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері тұрғыннан 393 келі қара балық тәркіледі

Атырау облысының полицейлері тұрғыннан 393 келі қара балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика көлемінде өтіп жатқан «Броконьер» профилактикалық іс-шарасы барысында Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау-Астрахань тас жолының бойында Армения республикасына тіркелген Toyota Ipsum маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 393 келі қара балық табылып, тәркіленді. Құрманғазы ауданының 28 жастағы тұрғыны осыншама балықты заңсыз жолмен Атырау қаласына жеткізбекші болған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабымен шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру