Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полициясында 40-тан астам ерлі-зайыпты қызмет етеді

Атырау облысы полиция департаментінде өмірлік жарын құқық қорғау саласында кездестірген 40-тан астам жұп бар. Олардың көбі 23-30 жас аралығындағы жастар. Мерейлі мерекеге орай департаменттің тәрбие ісі және кадр басқармасының ұйымдастыруымен құқық қорғау саласында бірге қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан, 45 жылдан бері отбасыларын берік ұстап, өнегелі ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйген Ермұхановтар жанұясымен погон таққан ерлі-зайыптылар жүздесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қадірлі қонақтардан үлгі алып, отбасылық өмірдің сындарлы сырларын тыңдау үшін департаменттегі погонды ерлі-зайыптылар жиналды. Жарқын жүздесу барысында отставкідегі полиция майоры Жұмажан Өтенұлы мен отставкідегі полиция полковнигі Гүлнәзира Шәмкенқызы жылы естеліктерімен бөлісіп, қызмет ету кезіндегі бір-біріне көрсеткен қолдаулары жайлы айтып берді.

– Қызметтеріңіз оңай емес, осы жолда қол ұстасып бірге жүргендіктен бір-бірлеріңізді бірінші болып түсінуге, қолдауға ұмтылыңыздар. Қамқор болыңыздар. Әр жетістікке, жақсылыққа бірге жетуді ойлаңыздар. Біз отбасын құрғанда бір күні осылай біреуге үлгі боламыз деп ойламадық, ондай мақсат та қоймадық, тек бір-бірімізге сендік. Сондықтан, айналайындар, болашақтарыңызға сеніп, алға нық қадам баса беріңіздер, – деді Жұмажан Өтенұлы.

Кездесу барысында сұрақтар қойылып, отау құрғанына 45 жылдан асқан жұптың жауаптары мен ақ тілегі тыңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру