Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының тұрғыны 20 жыл бойы құжатсыз жүрген

Атырау облысының тұрғыны 20 жыл бойы құжатсыз жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрманғазы аудандық полиция бөліміне 44 жастағы әйел Қазақстанға Ресей Федерациясынан көшіп келгенін, осы уақытқа дейін ескі үлгідегі КСРО қызыл паспортымен жүргендігі туралы арызданған.​

Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны өзінің үш қызымен бірге 20 жыл бойы жеке басын растайтын құжатсыз өмір сүрген. Сол себепті әйел балаларымен бірге тегін медициналық көмекке жүгіне алмаған, ешқашан ресми жерде жұмыс істеп көрмеген.

– Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Өтінішімді текке қалдырмай, аудандық полиция бөлімінен арнайы көлік жалданып, көші-қон қызметі бөлімінің қызметкері Айдана Амангелдиева елшілік орналасқан Ресей Федерациясы ​Астрахань қаласына барды. Қуанышымда шек жоқ. Елдің азаматы атанғаннан артық қуаныш бола ма?! Енді еліміздің өркендеуіне үлесімді қосуды мақсат етіп отырмын. Көші-қон қызметінің қызметкерлері азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібін түсіндіріп, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын, – деді Надия Набиқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру