Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері карантин талаптары мен шектеулерін бұзған діни бірлестікті анықтады

Атыраулық полицейлер карантин шектеулерін бұзған діни бірлестікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Діни бірлестік өкілдері Атырау ықшам ауданында орналасқан екі қабатты үйде 40-қа жуық адам жинап, діни рәсім өткізіп, отырыс ұйымдастырған.

Бірлестік әкімшілігіне қатысты анықталған заң бұзушылық бойынша жинақталған құжаттар  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) сәйкес әкімшілік шара қабылдау мақсатында Атырау қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру