Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері «Шаңырақ» балалар ауылы жасөспірімдерімен онлайн режимде кездесті

Атырау қаласының Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне» орай, Атырау қаласындағы «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жасөспірімдері арасында онлайн байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтар арасында есірткіге қарсы иммунитетті көтеру.

«Zoom» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде өткізілген кездесуде полиция майоры Жандос Садиров «Нашақорлық-ауыр індет» тақырыбында қысқаша баяндама оқып, полицейлер жасөспірімдерге есірткінің денсаулыққа, адам өміріне келтіретін зияны туралы әңгімелеп берді.

Осы шараға арнайы шақырылған «Салауатты өмірді қалыптастыру орталығының» мамандары балаларға кеңестерін айтты.

Балалар алдын-ала салған суреттері мен шығармаларын электрондық пошта арқылы Полиция департаментіне жолдаған болатын.

Қазылар алқасы балалардан келіп түскен 30-ға жуық шығармашылық туындыларды мұқият қарап, әділ бағалап, номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Сурет салудан Лаура Меңдіғалиева, Дмитрий Булный, Ариша Тайжанова, Максим Липатов, Лев Григорьев, Валентин Буров, шығарма жазудан Денис Михайлцев, Нұрлы Ибраева, Сәуле Жалғасбаевалар ерекшеленді.

Жеңімпаздарға Департамент бастығы Қамза
Үмбетқалиевтың атынан Алғыс хат пен арнайы сыйлықтар жеткізіліп, оларды Шаңырақ отбасы үйі директоры Гүлсара Ботатаева табыс етті.

Осындай әсерлі шараны ұйымдастырған Полиция департаментіне «Шаңырақ» ауылының басшысы Гүлсара Аманғалиқызы балалары атынан ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру