Атырау полицейлері шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын сақтауына бақылауды күшейтті
Атырау облысында 2000-ға жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1986 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184 азамат елден шығарылды, – деп атап өтті Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Атырауда жыл басынан бері шетелдіктерге 5 млн теңге айыппұл салынды.
Облыс аумағында жыл басынан бері шетел азаматтарына қатысты 49 қылмыс тіркеліп, 43 шетелдік азамат қылмыс жасаған.
Жыл басынан бері облыс аумағына қоныс аударған шетелдіктер саны өткен жылмен салыстырғанда 77% – ға азайды.
Биылғы жылы полиция қызметкерлері Атырау қаласында ғана 50 мың шетелдікке еңбек етуге арналған патенттер ресімдеді. Сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке қазақстандық 10 жұмыс беруші тартылды.