Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер су тасқынына қарсы күрестегі ерліктері үшін марапатталды

Атырау облысында Республика күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсімі барысында, «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалы бірқатар полиция қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға партия белсенділері мен жергілікті мәслихат депутаттары қатысып, қызметтік міндеттерін адал орындаған тәртіп сақшыларына құрмет көрсетті.

«Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов партияның Ұлттық кеңесінің шешімімен көктемгі су тасқынына қарсы күресте ерлік пен табандылық танытқан Атырау облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция және көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Апатпен күрескені үшін» медалін табыстады. Бұл полицейлер көктемгі су тасқыны кезінде адамдардың өмірін сақтап қалу және табиғи апаттың салдарын азайту мақсатында аянбай еңбек еткен.

Тәртіп сақшылары Атырау облысы аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында тұрғындар мен еріктілермен бірге бөгеттерді нығайтып, қауіпті аймақтарда су басудың алдын алу жұмыстарына белсенді қатысқан. Олардың батылдығы мен жауапкершілігі арқасында аймақтағы көптеген тұрғындардың өмірі мен мүлігі апаттан аман қалды.

Бұл марапат — полиция қызметкерлерінің қауіпті жағдайларда көрсеткен ерлігі мен қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру