Атырау полицейлері теледидар ұрлаған күдіктіні ұстады
Атыраулық полицейлер теледидар ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қала тұрғыны үйінен теледидары ұрланғаны туралы арызданды. Іздестіру шаралары жүргізіліп, үш күн ішінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 1976 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) тергеп-тексеру жүргізілуде.
Атырау полицейлері облыс тұрғындарына үй-жайларын ұрылардан қорғау үшін арнайы құрылғыларды пайдалануға кеңес береді. Атап айтқанда, бейнебақылау камераларын, дабыл құрылғылары мен терезелерге темір торлар орнату керектігін ескертеді.