Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері тыныштықты бұзған “түнгі көбелектерді” жауапқа тартты

21 наурыз күні полиция бөліміне жергілікті тұрғындардан көршілес жалдамалы пәтердегі түнгі тыныштықты бұзу фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Оқиға Махамбет көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде орын алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Хабарлама бойынша №2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған жалдамалы пәтерден жезөкшелікпен айналысатын Алматы және Түркістан облысының екі тұрғыны анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабымен (Тыныштықты бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары пәтерді жалға берудің заңдылығын тексеру мақсатында Атырау қаласының Мемлекеттік басқармасына мәліметтер жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру