Атырау полицейлері «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде
Атырау полицейлері «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын еріктілермен бірлесіп жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары пробация кызметкерлері және еріктілермен бірлесе отырып, 11 қыркүйек күні ішкі істер органдарының есебінде тұрған 100-ге жуық адамды тұрғылықты жері бойынша тексерді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында пәтерлер мен аулаларды аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп, 70-ке жуық жалдамалы пәтерлерді анықтады.
Полицейлер мекен-жайға тіркеусіз жүрген 97 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Одан басқа, 34 қорғау нұсқамасы шығарылып, 13 адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді.