Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері үй ауласына есірткі еккен екі тұрғынды ұстады

Атырау полицейлері үй ауласына есірткі еккен екі тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тиым салынған марихуана есірткі өсімдіктерін күтіп-баптаған екі тұрғынды анықтады.

Белгілі болғандай, олардың бірінің ауласында 21 дана, бірінен төрт дана “сора” өсімдігі табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру деректері бойынша 51 және 43 жастағы тұрғындарға қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру