Атырау полициясы ауыр атлеттер арасында сайыс ұйымдастырды
Атырау полициясы ауыр атлеттер арасында сайыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында жастар арасында нашақорлыққа және синтетикалық есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен белсенді айналысуға тарту мақсатында сайыс өткізді.
Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Күш спорты түрлері федерациясы және Атырау Фитнес орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған сайысқа жасөспірім спортшылар арасында ауыр атлетикадан 18 ауыр атлетші қатысты.
Нәтижесінде 230 келі салмақта Бари Ажигұлов жарыс қатысушылары арасынан топ жарып, 1 орынды қанжығасына байлады. 170 келіде бақ сынаған Валерий Ким 2 орын иеленсе, Дмитрий Фирсов 152,5 келі салмақта 3 орынды жеңіп алды. Бұдан бөлек армлифтингтен 70 келі салмақта Бари Ажиғалиев 1 орын иеленді. Сондай-ақ ұйымдастырушылар жас спортшыларды ынталандыру мақсатында бірінші және екінші орынды жеңіп алған жүлдегерлерге велосипед сыйға тартты.
Айта кету керек жарыстың барлық қатысушылары жоғары шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсете білді.
Жас спортшыларға Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері нашақорлық пен синтетикалық есірткінің зияны, оның қазіргі қоғамдағы кең таралуы және есірткінің заңсыз айналымына көзделген қылмыстық жауаптылық жөнінде мәлімет берілді.