Атырау полициясында «Офицердің анасы» медальдары табысталды
Атырауда полицейлердің аналарына «Офицердің анасы» медалі табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада полицейлердің аналарына «Офицердің анасы» медальдарын табыстады.
– Көктемнің шуақты мейрамы – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Осы мерекелермен тұспа-тұс келген марапаттарыңыз құтты болсын. Осындай білікті де, білімді офирцер ұлдар тәрбиелеп өсіргендеріңіз үшін сіздерге мыңда бір алғыс. Алып та, ақын да анадан туады, сондықтан аналардың еңбегі өлшеусіз. Келе жатқан мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, – деді өңірдің бас полицейі.
Марапат ұл-қыздары полиция қатарындағы қызметінде жақсы нәтижемен көзге түскен тәртіп сақшыларының аналарына беріледі.