Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау студенттерімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

Атырау студенттерімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қараша күні Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы және Атырау облысы жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі коммисиямен “Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары” тақырыбында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Отбасы – базалық әлеуметтік институттардың бірі, оның мүшелерінің әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайы қоғамдық игілікпен тікелей байланысты. Сондықтан отбасында салауатты климатты қамтамасыз ету, оның мүшелері тарапынан агрессия мен қатігездіктің кез-келген көріністерін алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шарада Атырау облысы Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Райса Айтжанова, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің заңгері Бибігүл Төлегенова, Атырау қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі коммисия мүшесі Елдана Асылханова өз баяндамаларын ұсынды.

Кездесу соңында студенттер мен спикерлер тақырып төңірегінде пікір алмасып, осындай жағдайлардың алдын алу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру