Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау тұрғынынан травматикалық қару табылды

Атырау тұрғынынан травматикалық қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында 20-30 қараша аралығында Атырау облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Бұл іс-шара көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің жедел-уәкілдері Қ.Ахмедияров көшесінің бойында күмән келтірген 1998 жылы туған азаматты ұстады. Тексеру барысында сыртқы киімінің ішінен маркасы белгісіз травматикалық қару табылды.

Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, экспертиза тағайындалып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру