Атырауда 11 адамды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды
Атырауда 11 адамды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қарашада №2 қалалық полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны келіп, 2019 жылдың 4 тамыз күні белгілі бір әйел Береке мөлтек ауданынан екі бөлмелі пәтер алып беремін деп 1 млн. 350 мың теңге ақшасын алып, кері қайтармағандығы жөнінде арызданған.
Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде 32 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеру барысында әйелдің үстінен бұрын-соңды алаяқтық қылмысы үшін 11 адамның арызданғандығы белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде