Атырауда 15 жеңіл жүрісті әйел есепке қойылды
Атырауда 15 жеңіл жүрісті әйел есепке қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жылдам қимылдайтын взвод жасағының қызметкерлерін жұмылдыра отырып, 7-9 қыркүйек аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында қала аумағында орналасқан Стройконтора және Восток мөлтек аудандарының тұрғын үйлердің бірінде жеңіл жүрісті жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды.
Іс-шара барысында Атырау мөлтек ауданында екі қабатты тұрғын үйдің бірінде интимдік массаж түрімен қызмет көрсететін екі қызметкер анықталып, 15 жеңіл жүрісті жезөкшелікпен айналысатын азаматша есепке қойылды.
Қазіргі таңда притондар анықталған пәтер иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабына (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) сәйкес іс-құжаттар жинақталуда.