Атырауда 26 жыл құжатсыз жүрген ер адам куәлік алды
Атырауда 26 жыл құжатсыз жүрген ер адам куәлік алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны 1995 жылдан бері облыс аумағында ешқандай құжатсыз жүрген. 53 жастағы ер адам куәлігін жоғалтып, бұдан кейін оны қайта жасатуға тырыспаған.
- Мен Эдуард Тарасов Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғынымын. Осыдан 26 жыл бұрын күәлігімді жоғалттым. Қазіргі уақытта Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен куәлігімді алдым. Сол үшін полицейлерге алғысымды айтамын, - дейді тұрғын.
- Атырау облысы бойынша тұлғалардың құқықтық мәртебесі жөніндегі Қазақстан Республикасының аумағында жеке басты куәландыратын құжаттарсыз жүрген 169 азамат анықталып, оның ішінде КСРО паспортымен жүрген 50 адам, басқа құжаттармен - 51, азаматтығы жоқ деп танылған адамдардың саны - 67, ҚР Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ деп таныған бір адам анықталып, қазіргі таңда 148 тұлғаға құжаттандыру жұмыстары жүргізілді, - деді Атырау облысы Полиция департаментң бастығы Қамза Үмбетқалиев.