Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 3 мыңға жуық оқушы құқықтық сауаттылық апталығына қатысты

Атырауда 3000-ға жуық оқушы құқықтық сауаттылық апталығына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында 2-6 желтоқсан аралығында мектеп оқушылары мен студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Жасөспірім. Тәртіп. Болашақ» атты апталық өтті. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын түсіндіру.

Апталық барысында учаскелік полиция инспекторлары жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың оқушылары мен колледж студенттеріне құқықтық сауаттылық бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында оқушыларға қысқы демалыс кезеңінде тәртіп бұзушылықтардың алдын алу жолдары, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері, мұз қатқан су айдындарында өзін-өзі ұстау қағидалары және өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат берілді.

Іс-шараға барлығы 3000-ға жуық оқушы мен студент қатысты. Оларға күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлерден сақтанудың жолдары мен жеке жауапкершілік туралы мағлұматтар берілді. Жасөспірімдер полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды.

Бұл іс-шара жасөспірімдердің жауапкершілік пен тәртіпке деген көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру