Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 5 мыңға жуық жасөспірімге есірткіге қарсы дәрістер өткізілді

Атырауда 5 мыңға жуық жасөспірімге есірткіге қарсы дәрістер өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында жастар арасында есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған арнайы іс-шара аясында өңірдегі 80 мектепте профилактикалық дәрістер өткізіліп, нәтижесінде 4 500-ден астам оқушы қамтылды. Аталған шаралардың басты мақсаты — оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, есірткі қолданудың және таратудың қауіптілігін түсіндіру, құқықтық жауапкершілік туралы мағлұмат беру.

Дәрістер барысында оқушыларға нақты мысалдар арқылы есірткінің ағзаға, психикаға және болашаққа тигізетін кері әсері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар полицейлер жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру