Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 56 млн теңгені қолды еткен ұры анықталды

Атырауда 56 млн теңгені қолды еткен ұры анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 28 наурыз күні жылы сағат 00:22 -де “102” арнасына 1975 ж.т. азаматша қоңырау шалып 2021 жылдың 26-28 наурыз күндері белгісіз адамдар пәтерге еркін кіру арқылы сейфті еркін ашу жолымен 56.000.000 теңге ақшасын жасырын жымқырғанын айтқан – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 27 наурызда жылы жәбірленушінің пәтеріне еркін кіру арқылы сейфті ашып, ақшаны жасырын жымқырған, пәтерде үй қызметшісі ретінде жұмыс істеген 1979 ж.т. азаматшаны ізін суытпай анықтады.
Күдікті Шымкент қаласында ұсталды.

Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері 19-21 мамыр аралығында “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру