Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 90 дана психотропты дәрілерді заңсыз сатпақ болған әйел қолға түсті

Атыраулық полицейлер 90 дана психотропты дәрілерді заңсыз сатпақ болған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының полицейлері 6-12 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы барысында психотропты дәрілерді сатпақ болған күдіктіні анықтады. 37 жастағы әйел Вокзал маңында заңсыз 50 дана трамадол  және 40 дана трапикамед дәрі-дәрмегін заңсыз сатып жүрген жерінен ұсталды.Қазіргі уақытта іс-құжаттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру